OCTAGON президенті: «Алмабаевты андердог санайтындар қатты қателеседі»

OCTAGON президенті: «Алмабаевты андердог санайтындар қатты қателеседі»
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Қазақстандық ММА лигасы OCTAGON президенті Нураддин Садықов Асу Алмабаев (21-2) пен португалиялық Манел Капе (20-7) арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Алмабаев UFC-ге дайын, қалыптасқан спортшы ретінде келді. Оны андердог санайтындар қатты қателеседі, және ол мұны дәлелдейді. Менің ойымша, бұл жекпе-жек толық қашықтыққа созылады», – деді Садықов Sports.kz-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Алмабаев пен Капе арасындағы айқас 2 наурызда Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 103 турнирінде өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегі болмақ.