Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы титулдық жекпе-жектен бас тарту себебін түсіндірді

Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы титулдық жекпе-жектен бас тарту себебін түсіндірді
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкіртінің UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммедке қарсы жекпе-жектен бас тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұған дейін UFC лигасы 10 мамырда Канададағы Монреаль қаласында өтетін UFC 315 турнирінде Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялаған болатын.

«Біз тәуекелге бармауды жөн көрдік. Шавкат толықтай жазылып үлгерген жоқ, әрі Рамазан айы басталды. Мамыр айына дейін дайындалып үлгермейтініміз анық болды. Егер жекпе-жек жазға белгіленгенде, біз толық дайындықпен шығатын едік. Бірақ дәл қазір қауіпке бас тігетін уақыт емес. Шавкат чемпиондық айқасқа жүз пайыз дайындықпен келуі керек. Оның үстіне, бәрібір чемпиондық жекпе-жекті аламыз, бұл уақыттың еншісіндегі нәрсе», – деді Базров «Спорт Шредингера» порталына берген сұхбатында.