Қазақстандық ММА жауынгері шетелдік лигамен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық ММА жауынгері шетелдік лигамен келісімшартқа қол қойды
Жекпе-жек

Sport Plus

Қазақстандық ММА файтері Көшен Ақанов әлемнің үздік промоушендерінің бірі One FC ұйымымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, Ақанов бір жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойған. Оның One FC-дегі дебюті наурыз айының соңында Тайландтың Бангкок қаласында өтуі мүмкін. Алайда, турнирдің нақты күні әлі белгісіз. Жауынгер алдағы жекпе-жекке дайындықты Тайландта өткізуді жоспарлап отыр.

Көшен Ақанов профессионалды деңгейде алты жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның активінде 4 нокаут, 1 сабмишен және 1 төрешілер шешімімен келген жеңіс бар. Бұған дейін Naiza, Alash Pride және JCK лигаларында өнер көрсеткен.