Baku Grand Slam: Қазақстандық дзюдошы өзбек қарсыласына жол берді

Baku Grand Slam: Қазақстандық дзюдошы өзбек қарсыласына жол берді
Дзюдо

Әлеуметтік желі

Әзірбайжан астанасы Бакуде 14-16 ақпан аралығында өтіп жатқан “Үлкен дулыға” кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Bassport.kz.

66 келіге дейінгі салмақтағы Ұлықбек Әбілхайырдың нәтижесін Қанат Сейілхан қайталады. 28 жастағы атыраулық дюдошы алғашқы белдесуінде 23 жастағы өзбек спортшысы Азизбек Ортиковқа есе жіберді. Азия жасөспірімдер чемпионы және 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалисі Сейілханды “юко” бағасымен жеңді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы медаль үшін күресті тоқтатты.

Айта кетейік, Қанат Сейілхан 2022 жылы Исламиадада қола жүлдеге қол жеткізген болатын.