Америкалық танымал бапкер Әлімханұлының лагеріне келді

Америкалық танымал бапкер Әлімханұлының лагеріне келді
Бокс

Әлеуметтік желі

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) титулдарын қорғауға қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды Bassport.kz.

5 сәуір күні Астанада өтетін бокс кешінде «Қазақ стилі» франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) шаршы алаңда жұдырықтасады.

Әлімханұлы әлеуметтік желілерде спарринг-сессиядан видео жариялап, америкалық бапкер Марко Контрерастың дайындық лагеріне қосылғанын хабарлады. Белгілі маман бұған дейін Александр Гвоздик, Василий Ломаченко, Эгидиюс Каваляускас секілді мықты боксшылармен жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұл кездесу Қазақстанда алғаш рет жергілікті боксшының екі чемпиондық титул үшін жұдырықтасатын тарихи жекпе-жегі болмақ.