Елдос Сметов шетелде аянбай жаттығып жүр (ФОТО)

Дзюдо
ҰОК
Қазақстандық олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің шетелде дайындық кезіндегі суреті желіде тез тарады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Суретте дзюдошы ауыр жаттығудан кейін шаршаған күйде, серіктесімен тұр.
Елдос Сметов Париж Олимпиадасында алтын медаль алып, Қазақстан спортының жарық жұлдызына айналды. Желі қолданушылары бұл сурет оның физикалық төзімділігі мен ішкі қуатын айқындайтынын атап өтті.
Еске сала кетсек, Елдос Сметов жыл басында Лондонға ағылшын тілін үйрену және жаттығулар өткізу мақсатымен кеткен болатын.