Қазақстан намысын дзюдодан Гран-при турнирінде кімдер қорғайды?

Қазақстан намысын дзюдодан Гран-при турнирінде кімдер қорғайды?
Дзюдо

ҰОК

7 наурызда Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при сериясындағы ірі халықаралық турнир басталады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Аталмыш турнирде әлемдік жұлдыздардың көптігі, жарыстың басты ерекшеліктерінің бірі екені анық. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының кейбір көшбасшылары татамиге оралады. Олардың қатарында әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова бар.

Биыл бірнеше ірі турнир өтті, бірақ Австриядағы Гран-приге жарысқа қатысушылар тізімінде мұншалықты көп танымал спортшы болмаған еді. 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар бабына қайта келіп, сапалы дайындық жүргізгеннен кейін, енді жаңа олимпиадалық маусымға сақадай сай екендерін көрсетпек.

Линцте Қазақстан атынан 14 дзюдошы өнер көрсетеді. Команданың бапкерлер штабы спортшыларды алмастыруға шешім қабылдады. Сондықтан бұл турнирде татамиге құраманың көшбасшыларымен қатар жас дзюдошылар да шығады.  

Әйелдер:

- Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) 

- Толғанай Әбеуова (52 келіге дейін)

- Дана Әбдірова (57 келіге дейін)

- Самалай Ерғалиева (63 келіге дейін)

- Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары)

Ерлер:

- Талғат Орынбасар (60 келіге дейін)

- Нұрмұхаммед Ботабай (66 келіге дейін)

- Қуан Барыс (73 келіге дейін)

- Данияр Шамшаев (73 келіге дейін)

- Мәди Амангелді (81 келіге дейін)

- Азат Күмісбай (81 келіге дейін)

- Мейірлан Максим (90 келіге дейін)

- Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін)

- Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары)

Айта кетейік, Гран-при 9 наурызға дейін жалғасады.