Прокурор Марадонаның өліміне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады

Прокурор Марадонаның өліміне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады
Футбол

Sky Sport

Прокурор Патрисио Феррари аргентиналық аңыз ойыншы Диего Марадонаның өліміне қатысты сот отырысында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bassport.kz Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Сот Буэнос-Айрес маңындағы Сан-Исидро қаласында өтті.

— «Диегоның жағдайын көрмедік» деген кез келген адам сізге өтірік айтып тұр. Оның халін байқамау мүмкін емес еді. Ол төсекте бірнеше күн бойы осындай жағдайда жатты. Бұл – кісі өлтіру екенін мойындамау – шындықты жасырумен тең.
Осы уақытта дәрігерлер жалған құжат толтырып, емдеу шараларын жүргізіп жатқандай кейіп танытқан. Марадонаға жауапты медициналық топ оның өлімі үшін жауап беруі керек.
Оны көруге келгендердің барлығы дәрігерлерге оның жағдайының ауыр екенін айтқан, — деді прокурор Феррари Clarin басылымына берген сұхбатында.