Өзбекстан құрамасы дзюдода тарихи рекорд орнатты

Өзбекстан құрамасы дзюдода тарихи рекорд орнатты
Дзюдо

IJF

Өзбекстандық дзюдошылар “Grand Slam” турнирлеріндегі медаль саны бойынша өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ташкентте өткен беделді турнир үш күнге созылды. Осы уақыт ішінде Өзбекстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.

Бұл жетістік олардың жалпыкомандалық есепте үшінші орын алуына мүмкіндік берді. Көш басында Жапония мен Қытай құрамалары тұр.

Тағы бір маңызды жайт – 12 медаль еншілеген өзбек дзюдошылары ел тарихындағы “Үлкен дулыға” жарыстарындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді.