Еркебұлан Нұрғалиев мансабын “Каспийде” жалғастырады

Футбол
ФК “Елімай”
Экс-“Елімай” ойыншысы Еркебұлан Нұрғалиев мансабын Ақтаудың “Каспий” клубында жалғастырады, деп хабарлайды BasSport.kz, Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Маусым аяқталған соң Нұрғалиев Павлодардың “Ертіс” командасына ауысқан еді, алайда ол бұл ұжымда небәрі екі ай ғана болды.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшы команданы отбасылық жағдайларға байланысты тастап кеткен.
Бұған дейін ол Қазақстан Премьер-лигасында “Ертіс”, “Оқжетпес”, “Ақжайық”, “Шахтер”, “Ақтөбе” және “Каспий” клубтарында өнер көрсеткен.