Абиба Абужақынова дзюдодан әлемдік Гран-при чемпионы атанды

Дзюдо
IJF
Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Аустрияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысында топ жарды, деп хабарлайды BasSport.kz Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Жарыс финалында ол жапониялық Сачио Ёшиномен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жартылай финалға дейін Мизуки Хараданы (Жапония), ширек финалда Спрингер Жаклинді (Австрия), ал жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланды) ұтқан болатын.
Айта кетерлігі, бүгін Аустрияда дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі басталды. Аталған жарыста әлемнің 52 елінен барлығы 416 татами шебері қатысып жатыр.