Дастан Сатпаев Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын соқты

Футбол
Әлеуметтік желі
Қазақстан ұлттық құрамасы жабық жолдастық кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.
“ЖаркOFF” телеграм-арнасының мәліметінше, Әли Әлиев жаттықтыратын команда 12 наурыз күні Швеция екінші дивизионының үздік командаларының бірімен жабық жолдастық матч өткізді. Бұл ойында Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен басым түсті.
Матчта құраманың ең тәжірибелі және ең жас ойыншылары мергендігімен ерекшеленді. Алғашқы голды Серікжан Мужиков соқса, Дастан Сатпаев ұлттық құрамадағы алғашқы голын тіркеді.
Сондай-ақ, кездесудің үздік ойыншысы ретінде Алияр Мухамед аталды.
Бұл матч Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындығы аясында өтті.