Қазақстанның Азиада-2025-тегі медальдық есептегі орны белгілі болды

Қазақстанның Азиада-2025-тегі медальдық есептегі орны белгілі болды
Басқа

ҰОК

Қытайдың Харбин қаласында бүгін, 14 ақпанда, қысқы Азия ойындары аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 20 медаль жеңіп алып, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Ел қоржынында төрт алтын, тоғыз күміс және жеті қола жүлде бар.

Медальдық есепте айқын басымдықпен Қытай көш бастады – Азиада қожайындары жалпы саны 85 медаль (32 алтын, 27 күміс, 26 қола) жеңіп алды. Екінші орынға 45 медальмен Оңтүстік Корея (16-15-14) жайғасты. Үздік үштікті Жапония қорытындылады – олардың еншісінде 37 жүлде (10-12-15).