Анастасия Городко 1/8 финалға шықты

Басқа
ҰОК
Италияның Ливиньо қаласында фристайлдан әлем кубогі кезеңі аясында параллельді могулдан жарыстар басталды.
Әйелдер арасында Анастасия Городко 1/8 финалға жолдама алды. Ол алғашқы айналымда жапониялық Юма Тагучиді жеңді.
Ал Юлия Галышева алғашқы жарыста франциялық Камилла Кабролға есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері келесі кезеңге өте алмады.
Ерлер арасындағы турнирде Қазақстанның намысын Павел Колмаков қорғайды.