Сабина Алтынбекова ажырасқаны туралы мәлімдеме жасады

Басқа
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желілерде ажырасқаны туралы мәлімдеме жасады, деп жазады BasSport.kz.
«Иә, мен ресми некеде болғанмын және қазір ресми түрде ажырастым. Бұл туралы көп сұрақ болды, осы тақырыпқа нүкте қоямын», – деді спортшы.
Еске салайық, Алтынбекова кәсіпкер Саят Салманұлымен некеде болған. Ерлі-зайыптылардың төрт жастағы ұлы өсіп келеді.