Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатындағы эстафетаны 16-орында аяқтады

Басқа
ҰОК
Норвегияның Тронхейм қаласында өтіп жатқан шаңғы жарысы бойынша әлем чемпионаты аяқталуға жақын.Біріншілік аясында 4х7,5 шақырымдық ерлер эстафетасы өтті.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының намысын Ернар Нұрсбеков, Владислав Ковалев, Виталий Пухкало және Олжас Климин қорғады. Қорытынды нәтижеге сәйкес, ұлттық құрама 27 команданың ішінде 16-орынға тұрақтады.
Жеңіс Норвегия құрамасына бұйырса, күміс жүлдені Швейцария иеленді. Үздік үштікті Швеция қорытындылады.
7 наурыз күні әйелдер эстафетасы өтеді. Жарыс Астана уақытымен 17:15-те басталады