Қырғыз көкпаршысы Бішкекте жарыс кезінде көз жұмды (ВИДЕО)

Басқа
Egemen.kz
Спортшы ешкіні көтеруге әрекеттенген кезде атпен соқтығысып, жерге құлап түсті. Ол сол күйі орнынан тұра алмады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бішкектегі жаңа ат стадионында Нооруз мерекесіне арналған көкбөрү турнирі кезінде 45 жастағы “Бөрүлү” командасының капитаны Мирлан Сраждинов қаза тапты, деп жазады Kloop.
Қырғызстан ІІМ-нің мәліметінше, спортшы ауруханаға жеткізілмей тұрып қайтыс болған. Қазіргі таңда оқиға фактісі тіркеліп, тергеу басталған.