Қазақстандық боксшылар Еуропадағы турнирде жеңіске жетті

Бокс
ҚБФ
Сербия астанасы Белградта өткен “Belgrad Winner” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы барлық елдерден үздік нәтиже көрсетіп, 8 алтын медаль жеңіп алды.
Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, чемпион атанған боксшылар:
Нұрғиса Тұрабеков (48 кг)
Рамазан Нұрлыбаев (51 кг)
Нұрсұлтан Алтынбек (57 кг)
Жансері Көшербаев (60 кг)
Нұрбек Мұрсал (71 кг)
Санжарәлі Бегалиев (75 кг)
Даурен Мамыр (86 кг)
Нұрасыл Асылхан (+92 кг)
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылар Испаниядағы Boxam турнирінде де жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған еді.
Ендігі ірі жарыс – “Странджа кубогы”, оны бокс әлемінде “кіші әлем чемпионаты” деп те атайды.