Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды
Бокс

ҰОК

360 Promotions промоутерлік компаниясы орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың (15-0, 13 КО) келесі қарсыласын ресми түрде жариялады.

Садриддин 19 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесу бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.

«Астанадан келген Садриддин Ахмедов пен Мексиканың Юкатан штатының өкілі Элиас Эспадас арасындағы бірінші орта салмақтағы айқас – бұл өткізіп алуға болмайтын жекпе-жек! Кездесу 2025 жылдың 19 сәуірінде Commerce Casino аренасында өтеді», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 13 желтоқсанында Калифорнияда өткізіп, америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.