Қазақстандық дзюдошылар маусымның басты турниріне дайындалуда
ҰОК
Жылдың ең беделді турнирлерінің бірі – Baku Grand Slam жақындап келеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
14-17 ақпан аралығында өтетін додаға әлемнің үздік дзюдошылары жиналады. Әзербайжан татамиінде белдесетін жұлдыздардың қатарында:
Олимпиада чемпионы Риджи Нагаяма (Жапония),
Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Денис Виеру (66 кг, Молдова) және Сомон Махмадбеков (81 кг, Тәжікстан),
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Тамирлан Башаев (+100 кг, Ресей),
2020 жылғы Олимпиада чемпионы Ута Абэ (Жапония).
Қазақстан құрамасының басты үміттерінің бірі – Ислам Бозбаев. 33 жастағы Теміртау тумасы 100 келіге дейінгі салмақта сынға түседі. Ол 2017 жылы дәл осы Баку Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанған болатын.
Қазақстан құрамасының толық құрамы
60 кг: Ұлықбек Әбілқайыр, Данияр Құлушев
66 кг: Әділбек Берікұлы, Қанат Сейілхан
73 кг: Ислам Тоқтасын, Ансарбек Ғайнуллин
81 кг: Мейіржан Жұмабек
90 кг: Дидар Хамза, Қуаныш Ратаев
100 кг: Ислам Бозбаев, Ермахан Естай
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев