Абат Айымбетовтың командасы президентсіз қалды

Абат Айымбетовтың командасы президентсіз қалды
Футбол

Түркияның «Адана Демирспор» футбол клубының президенті Бедирхан Дурак «Галатасарайға» қарсы өткен Суперлиганың 23-тур матчындағы оқиғадан кейін қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ сілтеме жасап.

«Адана Демирспор» ойыншылары 13-минутта алаңнан кетіп, қақпаларына белгіленген даулы пенальтиге қарсылық білдірді.

«Мен клубтың игілігі үшін әлеуметтік желілердегі арандатушылық пен теріс пікірлерге назар аудармауға тырыстым. Алайда біз тығырыққа тірелген жағдайға жеттік. Сондықтан клубтың, отбасымның, жақындарымның және өз денсаулығымның қамын ойлап, қызметімнен кететінімді мәлімдеймін», – делінген Дурактың мәлімдемесінде.

Бедирхан Дурак бұл қызметті 2024 жылдың қазан айынан бері атқарып келген. Қазіргі маусымда «Адана Демирспор» Суперлигада 5ұпаймен соңғы, 19-орында тұр. Клуб сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов ойнайды.