Балауса Муздиман Ангелина Лукасты жекпе-жекке шақырды
Бокс
Еl.kz
Қазақстандық боксшы Балауса Муздиман отандасы Ангелина Лукасқа ашық түрде жекпе-жекке шығуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ ке сілтеме жасап.
«Ангелина еш себепсіз кездесуден қашып жүр. Бірақ мен сені нокаутпен жеңетініме сенімдімін. Егер нокаутқа түсірмесем, гонорарымның барлығын беруге дайынмын. Сен ешбір жекпе-жекте 100 мың доллар алған жоқсың және алмайсың да. Сондықтан бұл айқасқа келіс», – деді Муздиман.
Айта кетейік, қос боксшы арасындағы текетірес 2023 жылы VI жазғы спартакиадада басталған еді. Сол жылы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда Муздиман Лукасқа қарсы шығып, жеңіске жеткен болатын. Лукас бұл жекпе-жекте төрешілер әділетсіздік жасады деп мәлімдеген еді.
Әртүрлі промоутерлер екі боксшы арасында жекпе-жек ұйымдастыруға бірнеше рет талпынған, алайда әзірге нәтиже шыққан жоқ.