Тимур Досмағамбетов «Оқжетпеске» оралды

Тимур Досмағамбетов «Оқжетпеске» оралды
Футбол

ФК “Оқжетпес”

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов көкшетаулық «Оқжетпеспен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

35 жастағы футболшының соңғы клубы елордалық «Астана» болды.Елордалықтардың құрамында Досмағамбетов 63 матч өткізіп, 7 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. 

Тәжірибелі қорғаушы бұған дейін «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Шығыс» («Восток»), «Ордабасы», «Тараз», «Тобыл» және «Шахтер» командаларында да өнер көрсеткен.