Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Бокс
Әлеуметтік желі
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Qazaq Style лақап атымен танымал боксшы 5 сәуір күні Астанадағы «Барыс Аренада» рингке шығады. Оның қарсыласы – жеңілмеген франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).
Бұл айқас Әлімханұлының чемпиондық белбеулерін қорғауға арналған кездесу болмақ.