Бахтияр Артаев: «Қамшыбек Қоңқабаев мансабын аяқтады деп нақты айта алмаймыз»

Бахтияр Артаев: «Қамшыбек Қоңқабаев мансабын аяқтады деп нақты айта алмаймыз»
Бокс

ҰОК

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттық мансабын аяқтағанына күмәнмен қарайды, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Қамшыбек бұл туралы ресми түрде мәлімдеген жоқ. Мен өзім онымен сөйлестім. Егер кәсіби мансабын аяқтаса, спорт саласында жұмыс тауып беруге дайын екенімді айттым. Бірақ ол бұл мәселе бойынша нақты шешім қабылдамағанын жеткізді. Қазір оның өмірінде қиын кезең болуы мүмкін, сондықтан бокс басты орында емес шығар», – деді Артаев «Спорт Министрі» басылымына берген сұхбатында. 

 Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов 33 жастағы 

Қоңқабаевтың мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді. Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері 2024 жылғы Олимпиададан кейін жарыстарға қатысқан жоқ.