Ресми: Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанды
![Ресми: Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанды | BASSPORT Ресми: Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанды](https://bassport.kz/storage/2025/02/10/PIv1TUOcD6qOi0YxBBgGngKORW9oOb5Tc6A4tnmm.jpg)
Футбол
ФК “Қайрат”
Алматылық «Қайрат» пен Лондонның «Челси» клубы 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жоспар бойынша, 2026 жылдың жазында, Сатпаев 18 жасқа толған кезде, ол ресми түрде ағылшын клубының ойыншысы атанады.
Ал оған дейін талантты форвард «Қайрат» сапында жалға ойнауын жалғастырады. Дастан Сатпаев бұған дейін QJ лигасының ең құнды ойыншысы (MVP) атанып, «Қайраттың» негізгі құрамында дебют жасаған. Лига Кубогында «Акжайыққа» қарсы өткен кездесуде (9:0) алаңға шығып, командасының ірі жеңісіне үлес қосты.
Сондай-ақ, жас шабуылшы «Қайрат-Жастар» сапында Бірінші лигада бес матчқа қатысқан.