«Барыс» қақпашысы Никита Бояркин “Жұлдыздар матчында” жеңіске жетіп, командасына миллиондаған жүлде әкелді

«Барыс» қақпашысы Никита Бояркин “Жұлдыздар матчында” жеңіске жетіп, командасына миллиондаған жүлде әкелді
Хоккей

“Барыс” ХК

Новосибирск қаласында өткен ҚХЛ “Жұлдыздар апталығы” аяқталды.

Бұл шоу-турнирде Қазақстан ұлттық құрамасының және “Барыс” клубының қақпашысы Никита Бояркин ерекше көзге түсті.

Бояркин өнер көрсеткен Чернышёв дивизионының құрамасы жартылай финалда Харламов дивизионын 10:6 есебімен жеңсе, шешуші ойында Бобров дивизионын 9:8 есебімен тізе бүктірді.

Матчтар 3x3 форматында, екі кезеңнен (әрқайсысы 10 минуттан) өтті.

Чернышёв дивизионының командасы бұл жеңісі үшін 5 миллион рубль (шамамен 26 миллион теңге) көлемінде жүлде қорын алды.