Александр Бублик Роттердам турнирінен алғашқы айналымда шығып қалды

Александр Бублик Роттердам турнирінен алғашқы айналымда шығып қалды
Теннис

Reuteurs

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Нидерландының Роттердам қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бублик алғашқы матчында 19 жастағы чех теннисшісі, әлемнің 47-ракеткасы Якуб Меншикке 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Кездесу бір сағатқа созылды. Қазақстандық спортшы бес эйс жасап, екі қос қате жіберді және бір брейк-пойнтті іске асырды. Ал Меншиктің еншісінде 10 эйс, үш қос қате және жеті мүмкіндіктің үшеуін сәтті пайдаланған брейк-пойнт бар.

Якуб Меншиктің келесі қарсыласы әлемнің 8-ракеткасы австралиялық Алекс де Минор болмақ.