«Ақтөбе» бапкерлік штабын толықтырды
Футбол
ФК “Ақтөбе”
«Ақтөбе» футбол клубы 53 жастағы беларусьтік маман Вячеслав Левчуктың командаға бас бапкердің ассистенті қызметіне тағайындалғанын хабарлады, деп жазады BasSport.kz.
Левчук украиналық Игорь Леоновтың көмекшісі болады. Бапкерлік мансабында ол Ресей, Украина, Молдова және Беларусь чемпионаттарында түрлі клубтарда жұмыс істеді.
Левчук селекционер, бас бапкер және ассистент сынды түрлі қызметтерді атқарған.