«Елімай» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында бес жолдастық матч өткізеді
Футбол
Семейдің «Елімай» клубы Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиыны аясында өткізетін жолдастық матчтарының кестесін жариялады, деп жазады BasSport.kz.
Команда Өзбекстан, Ресей және Грузия клубтарымен кездеседі.
Жоспарланған матчтар:
• 6 ақпан – «Елімай» vs «Бухара» (Өзбекстан)
• 7 ақпан – «Елімай» vs «Арсенал» (Тула, Ресей)
• 11 ақпан – «Елімай» vs «Балтика» (Калининград, Ресей) (Бұл күні клубтың екі құрамы екі түрлі матч өткізеді)
• 17 ақпан – «Елімай» vs «Нефтчи» (Ферғана, Өзбекстан)
• 21 ақпан – «Елімай» vs «Самтредиа» (Грузия)
Бұған дейін жоспарланған «Рубинмен» (Қазан) жолдастық кездесу команданың дайындық бағдарламасындағы өзгерістерге байланысты өтпейтін болды.