Александр Шевченко Қазақстанға Дэвис кубогында алғашқы жеңісті сыйлады

Александр Шевченко Қазақстанға Дэвис кубогында алғашқы жеңісті сыйлады
Теннис

Getty Images

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Астанада өтіп жатқан Дэвис кубогының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчында Пәкістан құрамасының теннисшісі Музамиль Муртазаны сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Кездесу 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. Матчтың ұзақтығы 1 сағат 20 минут болды.

Еске сала кетейік, 1-2 ақпан күндері Астанада Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасындағы Дэвис кубогының әлемдік бірінші тобының плей-офф матчтары өтуде.