«Барыс» овертаймда есе жіберді
Хоккей
ХК “Барыс”
Владивостокта жергілікті «Адмирал» мен астаналық «Барыс» арасындағы ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті турының матчы аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz Sport+ ке сілтеме жасап.
Екінші кезеңде мұз иелері 3:0 есебімен алға шықты, бірақ Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері матчты 3:3 есебімен аяқтап, негізгі уақытта тең нәтижеге қол жеткізді.
Астаналықтар құрамында шайбаларды Михаил Рахманов, Дінмұхамед Қайыржан және Иван Николишин лақтырды.
Матчтың негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталды, бірақ қосымша уақытта «Адмиралдың» хоккейшілері 4:3 есебімен жеңіске жете алды.