Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Пәкістанды сенімді түрде жеңді
Теннис
ҚТФ
Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде Пәкістанды мерзімінен бұрын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Біздің теннисшілер қатарынан үш матчта жеңіске жетіп, жалпы есепте 3:0 есебімен басым түсті.
Бүгінгі жұптық кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов дуэті Акел Хан мен Музамиль Муртазаны 6:4, 7:6 есебімен жеңіп, Қазақстанның жеңісін ресми түрде бекітті.
Бұған дейін Александр Бублик пен Тимофей Скатов жеке матчтарда жеңіске жетіп, Қазақстанды 2:0 есебімен алға шығарған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының келесі кезеңіне жолдама алды.