Рыбакина мен Путинцева Әбу-Дабиде бақтарын сынап көреді

Рыбакина мен Путинцева Әбу-Дабиде бақтарын сынап көреді
Теннис

WTA

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 3-8 ақпан аралығында өтетін Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz, Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып. 

Өткен жылы осы жарыста жеңімпаз атанған, әлемдік рейтингіде 5-орында тұрған Елена Рыбакина Әбу-Дабиде 1-ракетка болып тіркелген. Өткен жылғы чемпиондық атағы мен 500 ұпайын қорғайтын қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 62-ракеткасы, америкалық Кэти Волынец немесе рейтингіде 90-сатыдағы ұлыбританиялық Сонай Карталдың қай жеңгенімен кездеседі.  

Әлемнің 20-сыншы, осы доданың 4-ракеткасы Юлия Путинцева да екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы әлемнің 36-ракеткасы, 2023 жылғы Уимблдон чемпионы, чехиялық Маркета Вондроушова немесе рейтингіде 56-орындағы ұлыбританиялық, 2021 жылы АҚШ біріншілігінде үздік шыққан Эмма Радуканудың біреуі болады.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларына бағаланған Әбу-Дабиге арнайы шақырту алған Э.Радукану бұрынғы жарақаттары мазаламайтынын, додаға дайын екендігін мәлімдеді.