Бейбіт Жұқаев Қазақстан құрамасының басымдылығын арттырды

Бейбіт Жұқаев Қазақстан құрамасының басымдылығын арттырды
Теннис

ҰОК

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде Пәкістанға қарсы кездесуде сенімді басымдықпен келе жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.

Команданың екінші жеңісіне Бейбіт Жұқаев қол жеткізді. Ол Хузайфа Абдулла Рехманды 7:5, 6:0 есебімен жеңіп, есепті 2:0-ге жеткізді.  

2 ақпанда жарыс жұптық кездесумен басталады. Қазақстан атынан Александр Шевченко мен Тимофей Скатов, ал Пәкістаннан Акел Хан мен Музамиль Муртаза кордқа шығады.

Кейін екі жеке кездесу өтеді:

Александр Шевченко – Хузайфа Абдулла

Рехман Бейбіт Жұқаев – Музамиль Муртаза

Ережеге сәйкес, әр құраманың капитаны матч басталардан бір сағат бұрын ойыншыларды ауыстыруға құқылы.