«Тараз» футбол клубының қарызы 700 миллион теңгеге жетті

«Тараз» футбол клубының қарызы 700 миллион теңгеге жетті
Футбол

Kazfootball

Жамбыл облысының «Тараз» футбол клубы 700 миллион теңге қарызға батты, деп хабарлайды Bassport.kz «Дядя Ваня» Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Клуб директоры Алимбек Жұмабаевтың айтуынша, ол өткен жылдың мамыр айында басшылыққа келген кезде қарыз көлемі 450 миллион теңге болған. Алайда арада өткен уақыт ішінде бұл сома 700 миллион теңгеге дейін ұлғайған. Басшылық қаржылай қиындықтарды жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жабуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Тараз» футбол клубы 1996 жылғы ел чемпионы ретінде өткен маусымда 1,2 миллиард теңгеге тендерді жеңіп алған болатын. Алайда қазіргі жағдайға байланысты клуб барлық шығындарды қысқартуға мәжбүр. Сонымен қатар, ФИФА-ның шешімімен командаға трансферлік тыйым салынған. Сондықтан жаңа маусымда клуб өткен жылғы ойыншылардың басым бөлігіне сүйенеді. Қазіргі таңда құрамға жастар резервінен ойыншылар қосылып, қаралымнан өтуде.