Майк Тайсон мансабындағы ең ауыр соққыны кімнен алғанын айтты

Майк Тайсон мансабындағы ең ауыр соққыны кімнен алғанын айтты
Бокс

Focus on sport

АҚШ-тың бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон өзіне ең қатты соққы жасаған боксшының есімін атады, деп хабарлайды Bassport.kz.

“Темір Майк” ең ауыр соққыны отандасы Эвандер Холифилдтен алғанын мойындады.

— Мен жұдырықтасқан ең мықты панчер кім? Мен Эвандер Холифилдті атаймын, — дейді Тайсон GiveMeSport басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Тайсон мен Холифилд шаршы алаңда екі рет кездескен. 1997 жылы өткен атақты жекпе-жекте Тайсон қарсыласының құлағын тістеп, дисквалификацияға ұшыраған болатын. Ал олардың алғашқы айқасында Холифилд Тайсонды нокаутқа түсіріп, сенсациялық жеңіске жеткен еді.