Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы келесі жекпе-жегінің күнін анықтады

Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы келесі жекпе-жегінің күнін анықтады
Бокс

Caravan.kz

Кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) 19 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штаты, Коммерс қаласында рингке оралады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ахмедовтың қарсыласы Мексика өкілі Элиас Эспадас (23-6, 16 КО) болмақ. Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтеді және он раундқа жоспарланған.

Садриддин Ахмедов соңғы кездесуін 2024 жылдың 13 желтоқсанында өткізіп, америкалық Рафаэль Игбокведі (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңген.

Эспадас болса, 2024 жылдың желтоқсанында АҚШ-та өткен айқасында Рамон Барахасты (14-40, 4 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген.

Ахмедов үшін бұл жекпе-жек кәсіби мансабындағы 16-шы кездесуі болмақ.