Сергей Липинец Лондонда мерзімінен бұрын жеңілді

Сергей Липинец Лондонда мерзімінен бұрын жеңілді
Бокс

Amy Sanderson

Бірінші жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец 1 ақпан күні Лондонда өткен жекпе-жекте 22 жастағы британдық Адам Азимнен мерзімінен бұрын жеңіліп қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

35 жастағы Липинец үшінші раундта нокдаунға түсті, ал тоғызыншы раундта оның ауыр соққылар алуына байланысты рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл Липинецтің кәсіби мансабындағы төртінші жеңілісі және екінші рет мерзімінен бұрын ұтылуы.

Жеңіске жеткен Адам Азим IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.