Ринат Джуматов, Қуат Хамитовқа: «Клоун. Оған осылай жеткізіңдер»

Ринат Джуматов, Қуат Хамитовқа: «Клоун. Оған осылай жеткізіңдер»
Футбол

«Атырау» клубының жартылай қорғаушысы Ринат Джуматов қазақстандық MMA файтері Қуат Хамитовтың (26-8-2) айтқан сөзіне жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz.

«Адам досын көпшілік алдында ақша үшін төмендетеді. Клоун. Оған осылай жеткізіңдер», – деп жазды Джуматов Instagram желісінде.

Футболшының бұл реакциясы Хамитовтың келесі сөзіне қатысты болды: «Футболшылар – тек проблема туғызатын, ешқандай пайдасы жоқ ерке сиырлар!»

Аралас жекпе-жек шебері мұны Қызылорда облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың мәлімдемесіне пікір білдіре отырып айтты.

Артаев қазақстандық футболшылардың жалақыға қатысты талаптары тым жоғары екенін сынға алған еді.