Әлем чемпионатының жүлдегері бапкерлерінен зорлық-зомбылық көргенін айтты

Әлем чемпионатының жүлдегері бапкерлерінен зорлық-зомбылық көргенін айтты
Басқа

Getty Images

Неміс гимнастшысы Табеа Альт Германия құрамасының жаттықтырушыларын физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық жасады деп айыптады, деп хабарлайды BasSport.kz 1bol-ға сілтеме жасап. 

Көркем гимнастикадан 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері әлеуметтік желіде жаттықтырушылар тарапынан болған қысым туралы жазды. 24 жастағы Табеа мамандар өзіне әдейі қауіп төндірді деп отыр. 

«Бірнеше жерден сүйегім сынғанына және дәрігерлердің кеңестеріне қарамастан, денсаулығыма қасақана қауіп төндіре отырып, жарақатыммен гимнастикамен айналысуға және жарыстарға қатысуға мәжбүрледі. Бұл бір ғана жағдай емес. Тағамға қатысты бұзылыстар, жазалау, ауырсынуды басатын дәрілерді қолдану, қорқыту және қорлау күнделікті әдетке айналды», – деп жазды Альт. 

 Спортшының мәлімдемесінен соң Германия гимнастика федерациясы бұл фактілерді тексеру бойынша тергеу бастайтынын мәлімдеді. Табеа спорттық мансабын 2021 жылы, небәрі 21 жасында аяқтаған еді.