«Астана» көшбасшысына шетелдік клубтар қызығып отыр
Футбол
ФК “Астана”
Әзірбайжанның «Карабах» футбол клубы қазақстандық «Астана» командасының вингері Усман Камараға қызығушылық танытты, деп хабарлайды BasSport.kz Sport+ сілтеме жасап.
Камара «Карабахқа» осы қыста клубтан кететін екі легионердің орнына шақырылмақ. Сонымен қатар, 26 жастағы гвинеялық ойыншыға түркиялық «Сивасспор» да қызығушылық білдіруде.
Камараның «Астанамен» келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
Өткен маусымда елордалық клубтың көшбасшыларының бірі 23 матчқа қатысып, 4 гол соқты.