Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Тедди Ринер ауруханаға түсіп қалды

Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Тедди Ринер ауруханаға түсіп қалды
Дзюдо

IJF

Дзюдодан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, даңқты француз Тедди Ринер ауруханаға түсіп қалды. Ол шынтағына ота жасатқан, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz сілтеме жасап.

Операция сәтті өткенімен, дзюдошы жуырда Парижде өтетін Гранд Слэмге қатыса алмайды.

«Ота өте жақсы деңгейде сәтті аяқталды. Алдағы белдесулерге күш жинап, тың қарқынмен шығатын боламыз», - деп жазды Ринер әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Тедди Ринер әлем чемпионатында он екі рет және  Еуропа чемпионатында бес мәрте чемпион атанған. Гранд-Слэм турнирлерінде он бір рет алтыннан алқа тақты. 2008 жылғы Бейжинг және Токио Олимпиадасында қола медаль алған. Ал, 2012 – Лондон, 2016 жылы – Рио, Токиода – командалық сайыста, Парижде – командалық және жекелей сында жеңімпаз атанған.

36 жастағы спортшы өткен жылдың басында Алматығы келіп, 10 күннен астам уақыт бойы оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын.