Дави Мендонса «Семей» футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті
Футзал
KazFootball
«Семей» футзал клубы Дави Мендонсамен жұмысын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz, клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның басшылығымен команда 2023/24 маусымында өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. Мендоса қызметінде клуб айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Еуропаның 16 үздік командасының біріне айналды.
«Біз Давиге оның жұмысы мен адалдығы үшін алғыс айтамыз. Чемпионаттағы жеңіс — ортақ күш-жігердің жемісі, оның бұл жетістіктегі рөлі сөзсіз. Дегенмен, одан әрі даму үшін бізге жұмыс тәсілі клубтың стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін маман қажет», - деп «Семей» ФК бас директоры Азамат Аселкан бұл шешімді түсіндірді.
Жаңа бапкердің есімі жақын арада хабарланатын болады. Бұл уақытқа дейін бас бапкердің міндетін атқарушы болып «Семей» ФК спорт директоры Аслан Смаков тағайындалды.