Қазақстан спортында ауқымды реформа болуы мүмкін

Қазақстан спортында ауқымды реформа болуы мүмкін
Басқа

GOV.KZ

«Серый CARDINAL» телеграм арнасы Қазақстан спортындағы мүмкін болатын өзгерістер туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Спорт басқармалары департаменттерге айналуы мүмкін. Бар мәлімет бойынша, Қазақстанда бүкіл спорт саласын қайта ұйымдастыру жоспарлануда. Негізгі өзгеріс ретінде (егер ҚР Үкіметі мақұлдаса) облыстық және қалалық дене шынықтыру және спорт басқармаларын республикалық деңгейге бағындыру қарастырылып жатыр. Біздің дереккөздерге сүйенсек, мұндай шешімді ҚР Туризм және спорт министрлігі қолдап отыр. 
Алайда, мұндай реформа барысында бірнеше маңызды мәселе туындауы мүмкін. Солардың бірі – жергілікті кәсіби футбол клубтарын қаржыландыру мәселесі», – деп жазады канал авторы.