Қазақстандық кәсіпқой боксшы 7 жылдан кейін спортқа қайта оралады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы 7 жылдан кейін спортқа қайта оралады
Бокс

Prosports.kz

Кәсіпқой боксшы Ернар Ешеновтің (6-1, 5 КО) шаршы алаңға қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, отандасымыз келесі айқасын 13 шілде күні Екатеринбург қаласында өткізеді. Оның қарсыласы кәсіпқой бокстағы дебьютант Абубакар-Салах Муцелханов болмақ. Ал, Ернар араға 7 жыл салып қайтадан ринг төріне көтерілгелі отыр. Қазақстандық боксшы 2017 жылдан бері жекпе-жекке шықпаған. Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Ешенов кәсіпқой бокстағы дебютін 2016 жылы өткізген.