Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында батыл мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында батыл мәлімдеме жасады
Бокс

Vesti.kz

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы айқасының алдында Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

«Спарринг қызу жүріп жатыр. Құдай қаласа, жекпе-жек келесі айдың 13-і күні өтеді. Екі әлемдік титулды қорғаймыз!», - деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу барысының суретін жариялап. 

13 шілде күні Лас-Вегаста (Невада) отандасымыз Андрей Михайловичпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы мұның алдындағы жекпе-жегінде неміс спортшысы Винченцо Гуглериді жеңіп, IBF чемпионы атағын иеленген болатын.