GGG рингке орала ма: Головкиннің промоутері Қазақстанға келді

GGG рингке орала ма: Головкиннің промоутері Қазақстанға келді
Бокс

Sports.kz

Танымал боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Қазақстанға келді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ол қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың тойына қатысқан. Бұл туралы танымал промоутер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

«Әли Ахмедов пен оның жарын шаңырақ көтеруімен құттықтаймын. Алдағы уақытта тек жақсы жаңалықтарыңмен қуанта бер. Қазақстанға қайта келгеніме, досым Макс Головкинді үйлену тойында көргеніме қуаныштымын. Біз оның егізі жайлы, орта салмақта он жылдан астам үстемдік еткен боксшымен бірге өткізген тамаша естеліктер туралы айттық. Үйлену тойында Геннадий Головкиннің жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын шырқаған танымал әнші Димаш Құдайбергенов те ән айтты», - деді Леффлер. 

Айта кетейік, Том Леффер – қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері.