Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік боксшылары анықталды

Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік боксшылары анықталды
Бокс

Sports.kz

Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Boxrec.com рейтингіндегі ең үздік қазақ боксшысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Екінші орынға Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) жайғасқан, ал үздік үштікті отандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) түйіндеп тұр. Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы — WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. 

BoxRec нұсқасы бойынша маусым айындағы Қазақстанның үздік 10 боксшысы: 

1. Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО)

2. Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО)

3. Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО)

4. Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО)

5. Сұлтан Зәуірбек (18-0, 13 КО)

6. Бекман Сойлыбаев (18-1, 9 КО)

7. Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО)

8. Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО)

9. Әли Ахмедов (21-1, 16 КО)

10. Жан Кособуцкий (19-1, 18 КО).