Рапирамен семсерлесуден ел біріншілігінің үздіктері анықталды

Рапирамен семсерлесуден ел біріншілігінің үздіктері анықталды
Семсерлесу

Olympic.kz

Шымкентте өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында рапирашылар арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ерлер арасында Ғалым Нұрымов чемпион болды. Қыздар арасында София Ақтаева топ жарды. Екі спортшы да ұлттық құрама қатарында өнер көрсетеді.

Ерлер және әйелдер арасындағы командалық сында Алматы қаласының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.